"Сандырақ пен далбаса". UFC чемпионы мен Жұмағұловтың менеджері гонорар туралы

15 шілде 2020 14:06
Сурет: RingSide24
UFC чемпионы ресейлік Петр Ян және қазақ файтер Жалғас Жұмағұловтың менеджері Саят Әбдірахманов спортшылардың UFC 251 турниріндегі гонорарлары туралы сұраққа жауап берді. Оның сөзін Sport24.ru порталы беріп отыр. 

Мұың алдында Жозе Альдоны жеңгені үшін Петр Ян 230 мың доллар, ал бразилиялықтан жеңілген Жұмағұлов 15 900 доллар алғаны айтылған.

- UFC-дегі бірінші жекпе-жегі мен қазіргі уақыттағыны алса, Петр Янның гонорары қанша өсті?
- Меніңше, 15 еседей, одан да артық.

- Шамамен 200 мың доллар ма?
- Ғаламторда файтерлердің еңбекақысы жарияланған посттарды жиі көруге болады. Бірақ бұл жалған ақпарат. UFC файтерлерінің гонорарларын мұндай ақпаратты жариялауға рұқсат берген штаттарда ғана біле аламыз. UFC файтерлердің гонорары туралы комиссияға хабарлауға міндетті. Мәселен, турнир Невадада өтсе, көрсетілген сандарға сенуге болады. Ал турнир Ресей немесе Абу-Дабиде болса, онда жарияланған сандар журналистердің ойынан шыққан. Олар бұрынғы айтылған гонорарларға теңестіре салады, ал бірінші рет жұдырықтасқандарға бәрі 10 мың доллар тиеді деп жазады. Қазір ғаламторда көрсетіліп жүрген сандар сандырақ пен далбаса.