"Сабап тастадым, сөйлей де алмады ғой". Ирандық спортшы қазақ файтермен жекпе-жек туралы

12 қаңтар 2021 12:03
Видеодан алынған кадр

"Парсыдан шыққан дағыстандық" лақап атты ирандық файтер Мохаммед Хейбати қазақстандық Мұратбек Қасымбаймен даулы жекпе-жектен кейінгі оқиға туралы айтып берді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшылар желтоқсан айында AMC Fight Nights 99 турнирінде жұдырықтасқан. Төрешілер қорытындысы бойынша Хейбати жеңіске жетті, алайда, қазақстандық спортшының командасы мұндай шешіммен келіспеді. 

Хейбатидің сөзінше, жекпе-жектен кейін ол шешінетін орынға келіп, Мұратпен сөйлескен. 

"Нашар адам. Онымен кез келген уақытта басқа турнирде шығамын. Оның қиындықтары болады. Көріп қалсам, бірден сабай бастауым мүмкін, өйткені маған тіл тигізді. Айқасымызды бір қарап шықтым. Мен оны сабап тастағанмын, жекпе-жектен кейін сөйлей алмай да қалды", - дейді ирандық. 

Метки: