Ронда Роузиді жеңген файтер UFC чемпионы титулын сәтті қорғады

15 желтоқсан 2019 15:56

Бразилиялық Аманда Нуньес аса жеңіл салмақта UFC чемпионы атағын сәтті қорғады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында UFC 245 турнирінде өнер көрсетті. Нуньестің қарсыласы голландиялық Жермейн де Рандами болды. 

 Нуньес жекпе-жек басталысымен басымдылыққа ие болды, осылайша ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (49:46, 49:45, 49:44) жеңіске жетті. 

Айта кетейік, үш жыл бұрын Нуньес UFC жұлдызы Ронда Роузиді 48 секундта жеңген болатын. 

Метки: