Единоборства
10 сәуір 2024 14:12

Ронда Роузи ММА тарихында қалған ең ұлы файтерді атады

©MMAExpress

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Ронда Роузи ММА тарихындағы ең ұлы файтерді атады, деп жазады Vesti.kz

"Меніңше ол Федор Емельяненко. Өз кезінде онда бәрі болды. Ол дзюдомен шұғылданды. Ал мен дзюдо жанкүйері екенімді бәрі біледі. Ал жауынгерлік самбо - бұл орыстың дзюдосы. Мен үшін оның Мирко Филиповичпен жекпе-жегі - ММА тарихындағы ең ұлы айқас", - деп береді оның сөзін vRINGe.com.

Дегенмен Ронда ресейлікті өз салмағында ең мықты деп есептеймеді екен:

"Джон Джонспен жекпе-жегі қалай өтетін еді? Джонс оны дайындықсыз да жеңетін еді. Джонның бойындағы ең таңқалдырар қасиет осы. Ол Багамада демалып жатып, келе сала кімді болсын сабап тастай алады. Мен жеңіске жету үшін жаттығу залында өліп қала жаздайтынмын", - деп аяқтады сөзін Роузи. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport