Ризабектің алтын жеңіп алуына Шавкат Рахмонов қандай үлес қосқаны айтылды

22 қыркүйек 2023 10:02
©massaget.kz/ Өмірбек Сансызбай

Dar Team бапкері Эдуард Базров 19 жастағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Олар (Шавкат пен Ризабек) 2,5 жылы бір залда жаттығады. Мен қай залда болмасам да, Ризабек үнемі менімен бірге. Ол бір салмақ категориясына төмен болғанда Шавкатпен күресу ыңғайлы болатын. Теңдей арпалысатын. Кейін екеуі жақсы достасып алды. 

Ризабек маған айтқаны бар, Шавкатпен жаттыққан сайын өзіне сенімі артып келе жатқанын. Шавкаттың энерегетикасы күшті, ол жеңіске жетеріне еш күмәнданбайды. Міне осынысы жастарға беріледі. Ризабек чемпион болғанда Шавкат қатты қуанды. Шавкат оны үнемі дұрыс сөздер тауып, рухтандырып жүретін", - дейді Базаров "Вестник ММА" арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport