Резников UFC-дегі қазақстандықтар туралы екіұшты мәлімдеме жасады

14 тамыз 2023 11:41
©instagram.com/artem.rez

Қазақстандық белгілі файтер Артем Резников отандастарының кез келгені UFC-ге өте алатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл менеджерге ғана байланысты. 

"Бұл енді кім қайда баратынына байланысты, бұл промоушенге қосылу соншалықты қиын емес - менеджер жақсы болса, болады. Аса мықты емес жігіттер де UFC-де жүр. Бірнешеуін білемін - Ресейден, Қытайдан... Басқа да елдерден бар, олар топ файтерлерге жуымайды да. UFC-ге Қазақстаннан кімде болсын қосыла алады - бәрі менеджерге байланысты. Жақсы менеджер болса, тығып жібереді", - деп береді Резниковтың сөзін  Legalbet.kz.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport