Резников UFC-де алғаш айқасатын қазаққа қатысты ойын айтты

31 шілде 2023 12:08
©instagram.com/artem.rez

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Артем Резников UFC-де алғашқы жекпе-жегін өткізгелі жатқан отандасы Асу Алмабаевқа қатысты ойын айтты. 

"Қарсыласын білмеймін, бірақ Асуды білемін - ол дарынды жігіт, еңбекқор. Оның UFC-де жақсы нәтиже көрсете алатын мүмкіндігі бар деп ойлаймын", - деп береді Резниковтың сөзін Legalbet.

Еске слаайық, 5 тамыз АҚШ-тың Нэшвилл қаласында Алмабаев UFC-де жекпе-жек өткізеді. Қазақстандықтың қарсыласы 31 жастағы ямайкалық Оде Осборн. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport