UFC ұйымы ресейлік Ислам Махачев (23-1) пен аустралиялық Алекс Волкановски (23-1) арасындағы кездесудің өтетінін хабарлады. Бұл айқас 12 ақпан күні Перте (Аустралия) қаласында UFC 284 турнирінде өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Волкановски қазіргі уақытта жартылай жеңіл (65 келі) салмақтың чемпионы. Махачев болса жеңіл салмақтың (70 келі) чемпиондық белбеуінің иегері. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақта өтеді. Яғни, Волкановски алдағы кездесуде бір салмақ көтеріледі.
Айта кетейік, Волкановски кейінгі кездесуін 2022 жылдың шілдесінде UFC 276 турнирінде өткізіп, америкалық Макс Ходдоуэйді жеңді. Осылайша, Алекс чемпиондық белбеуін төртінші рет қорғады.
Ал Махачев Абу-Даби (БАӘ) қаласында өткен UFC 280 турнирінде бразилиялық Чарльз Оливейраны қылқындыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді иеленді.