Ресми! Фергюсонға UFC титулы үшін жекпе-жекте Хабибтің орнына қарсылас табылды

Сурет: AllFight.Ru
UFC президенті Дана Уайт өзінің Isnstagram желісіндегі парақшасында UFC 249 турнирі өтетінін мәлімдеді.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде америкалық екі файтер - Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи жекпе-жекке шығады. Ал жеңімпаз жеңіл салмақта UFC ұйымының "уақытша" чемпионы атанады. 

Жекпе-жек 18 сәуірге жоспарланған, дегенмен, UFC 249 нақты қайда өтетіні әзірге белгісіз. ESPN ақпаратынша, турнир АҚШ-тың батыс жағалауында өтуі ықтимал.

Бастапқыда Фергюсон жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасу керек болатын. Алайда 1 сәуірде ресейлік файтер коронавирустың пандемиясына қатысты, карантин ережелерін сақтап, жекпе-жектен бас тартатынын мәлімдеді.