Жекпе-жек 18 сәуірге жоспарланған, дегенмен, UFC 249 нақты қайда өтетіні әзірге белгісіз. ESPN ақпаратынша, турнир АҚШ-тың батыс жағалауында өтуі ықтимал.
Бастапқыда Фергюсон жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасу керек болатын. Алайда 1 сәуірде ресейлік файтер коронавирустың пандемиясына қатысты, карантин ережелерін сақтап, жекпе-жектен бас тартатынын мәлімдеді.