Ресми! Арман Оспанов америкалық промоушеннің рейтингіне қосылды

17 мамыр 2021 18:14

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Арман Оспанов (11-3) америкалық Professional Fighters League деп аталатын промоушннің рейтингіне қосылды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

PFL ұйымы өзінің твиттер парақшасында "Сұңқардың" жартылай жеңіл салмақтың рейтингіне қосылғанын хабарлады. Отандасымыз кореялық Сунг Бин Джоның (9-2) орнына қосылды. Ол енді рейтингтің оныншы сатысында тұр. 

Айта кетейік, Оспановтың келесі кездесуі 10 маусым күні Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Сити қаласында өтеді. Қазақстандық спортшының қарсыласы UFC ұйымының бұрынғы өкілі Крис Уэйд (18-6) болады. 

Ал бұл жекпе-жек кешінің басты айқасында UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Энтони Петтис пен Александр Мартинес кездеседі. 

 

 

Метки: