Ресейлік спортшы салмақ өлшеу рәсімінде ішкиімін шешті

16 шілде 2021 19:54
сурет: mma

Ресейлік ММА шебері Диана Авсарагова Bellator 262 турнирі қарсаңындағы салмақ өлшеу рәсімінде ішкиімін шешуге мәжбүр болды.

Спортшы салмағы белгіленген межеден асып тұрғандықтан, осындай жолға барып отыр. Нәтижесінде "пантера" дегеніне жетті. Енді ол 17 шілдеде Габриэлла Галфинмен күш сынасады.

Диана Авсарагова - қыздар арасында еркін күрестен Ресей чемпионатының қола жүлдегері. 2021 жылдың сәуірінде Bellator промоушенімен келісімшартқа отырды. Алғашқы жекпе-жегін Тара Граффқа қарсы өткізіп, небәрі 29 секунд ішінде нокаутпен жеңіске жетті.  

Метки: