Ресейлік Петр Ян жекпе-жектен шеттетіліп UFC-де чемпиондық атағынан айырылды

7 наурыз 2021 12:51
Сурет: Eurosport

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін ресейлік спортшы Петр Ян UFC чемпиондық белбеуін қорғай алмады. Америкалық Алджамейн Стерлингке қарсы кездесуде төреші оны шеттетіп жіберді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Спортшылар бұл кездесуді өте белсенді бастады. Айқастың бірінші раундында чемпиондық белбеуге үміткер Стерлинг бірнеше дәл соққыларымен көзге түссе, Ян бір тейкдаун жасады. 

Екінші раундта Алдамейн бірнеше рет қарсыласын құлатуға тырысты. Алайда шамасы жетпей, тағы да өзі тейкдаунға түсіп қалды. 

Үшінші раундта Петрдің пайдасына аяқталды. Ол қарсыласын бірнеше рет құлатып, соққылары да дәл болды. 

Ал төртінші раундта көпшілік күтпеген жағдай болды. Ян шабуыл жасап, басымдықты өз қолына ала бастаған. Барлығын бақылауда ұстап тұрды. Бірақ тіземен қарсыласының басынан теуіп жіберді. Бұл кезде Стерлинг бір аяғын көтеріп тізерлеп тұрған. Осы соққы үшін төрешілер Янды шеттетіп жіберді. Ал чемпиондық белбеу америкалық спортшыға берілді. 

 

 

 

Метки: