Ресейлік ММА шебері алғаш рет ауыр салмақта Naiza лигасының чемпионы атанды

©instagram.com/naiza.mma/

Ресейлік Хусейн Адамов ауыр салмақта Naiza лигасының бірінші чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Naiza 45 турнирінің басты айқасында Адамов қазақстандық Сергей Зубковтан басым түсті. Бес раундқа созылған тартысты жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер ресейліктің қолын көтерді.

Еске салайық, Naiza лигасы 53 келіге дейінгілер арасында чемпиондық титулды сарапқа салады. Қазыбек Сағын (3-0) мен британиядық Джон Шинк (4-1) арасындағы айқас қараша айында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport