Ресейлік файтер қазақ чемпионның белбеуіне көз тігіп отыр

24 тамыз 2022 16:13
©instagram.com/p/Chj9KgsNEM_/

Ресейлік ММА файтері Шамиль Эрдоган қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожайдың белбеуін тартып алғысы келеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

Нұрғожай Eagle FC лигасының алғашқы толыққанды чемпионы атанды. Нұр-Cұлтан қаласында өткен кеште ол ресейлік Константин Андрейцевті жеңді. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің шешімімен Диярдың жеңісімен аяқталды. 

"Дияр, енді бір жылға жоғалып кетпеші. Есіңді жиып, өз-өзіңе келуге екі ай жететін шығар? Қане, белбеуіңе лайық екеніңді көрсет, мен сені октагонда күтемін", - деді Эрдоган.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: