Ресейлік ММА файтері Шамиль Эрдоган қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожайдың белбеуін тартып алғысы келеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Нұрғожай Eagle FC лигасының алғашқы толыққанды чемпионы атанды. Нұр-Cұлтан қаласында өткен кеште ол ресейлік Константин Андрейцевті жеңді. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің шешімімен Диярдың жеңісімен аяқталды.
"Дияр, енді бір жылға жоғалып кетпеші. Есіңді жиып, өз-өзіңе келуге екі ай жететін шығар? Қане, белбеуіңе лайық екеніңді көрсет, мен сені октагонда күтемін", - деді Эрдоган.