Ресейлік ергежей әлемдегі ең мықты промоушенмен келісімшарт жасады

13 қыркүйек 2022 08:36
©instagram.com/hasbulla.hushetskiy/

Блогер Хасбулла Магомедов (Хасбик) UFC ұйымымен бес жылдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Алайда бұл жекпе-жектер келісімі емес, онда дағыстандық блогер турнирлерге қонақ болып, пиар мен медиа ықпалдастық бағытта жұмыс істейді. 

Айта кетейік, 20 жастағы блогердің бойы - 93 см, салмағы - 18 кг. Ол аралас жекпе-жекпен айналысқан емес.

2021 жылы ол Дана Уайттың шақыруымен Абу-Дабиде өткен UFC турниріне қонақ болып барған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: