Ресейлік чемпион бір жекпе-жек өткізіп Украинаға соғысқа аттанбақ

11 қазан 2022 07:38
©ulpravda.ru

AMC Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев ресейлік файтер Владимир Минеев әскерге кетер бұрын кикбоксинг ережесі бойынша бір жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

Гаджиев бұл айқастың 18 қараша Мәскеудегі "ЦСКА Аренада" өтетінін айтты. 
 
"Минеев бразилиялық Фернандо Родригеспен жұдырықтасады", - деп береді Гаджиевтің сөзін РИА "Новости Спорт".

Қазан айының басында ресейлік файтер әскерге шақырту алғанын хабарлаған. 16 қыркүйекте өткен кейінгі айқасында Минеев босниялық Эрко Джунды жеңген болатын. 

Минеев орта салмақта AMC FNG чемпионы екенін айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: