Ресейлік әнші Петр Янға айқасының алдында ән арнады

20 қазан 2022 14:41
©mma.metaratings

Ресейлік хип-хоп орындаушы Drummatix UFC промоушенінің экс чемпионы Gетр Янға арнап ән жазды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Петр осы деңгейге жету үшін тар жол, тайғақ кешті. 15 жасында кішкентай ауылдан Омбыға боксшы болам деген арманмен көшіп келді. Дене шынықтыру университетінде оқып, күзетші болды. Күнкөріс мақсатында түнгі клубтарда жекпе-жектерге қатысты. Бұл ән Сібірден шыққан қарапайым жігіттің құрметіне арналады", - делінген клипте.

Еске салайық, 23 қазанда Ян UFC 280 турнирінде америкалық Шон О’Мэллимен айқасады. Ал кештің басты жекпе-жегі Ислам Махачев пен Чарльз Оливейра арасында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport