Рахмоновтың UFC-дегі келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды. Қарсылас та белгілі

13 сәуір 2022 12:54
©instagram.com/shavkatrakhmonov94/

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC ұйымындағы келесі кездесуін жазда өткізуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Вестника MMA" ақараты бойынша, қазіргі уақытта UFC Рахмонов пен америкалық Нил Мэгни (26-8) арасындағы кездесуді ұйымдастыру үшін жұмыс істеуде. Бұл айқас маусым айында өтуі мүмкін. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда екі файтер де орта салмақта үздік 15 спортшының қатарында. Рахмонов 15 орында тұрса, Мэгни тоғызыншы сатыға жайғасқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport