Naiza лигасының басшысы Нұрбек Қарабала UFC ұйымында өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың (16-0) америкалық Джефф Нилге (15-4) қарсы кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтты, деп жазады Sports.ru.
Бұл жекпе-жек 2023 жылдың 15 қаңтарында Лас-Вегас қаласындағы Арех-Аренада өтуі мүмкін.
"Дайындықтың алғашқы кезеңінде Дубайға барып келдік. Шавкатпен бірге дайындалуға тура келді. Себебі оның қасында спарринг-қарсылас болмады. Осылайша, ол дайындықты бастады. Физикалық дайындық жағынан ол мықты. Енді шеберлігін шыңдап жатыр. Оның қарсыласы - боксшы. Сондықтан оған қарсы жаңа тактика құру қажет. Қазір бірақ ашып ештеңе айтпаймын. Қаңтарда көресіздер. Бұрнағы күні Рахмоновпен КТТ жігіттері дайындалуда. Имран Тайсултанов та болатын шығар. Аду-Дабиде Ильяс Хамзинмен келістік. Ол өзінің жеке мәселесін шешіп алып, келеді", - деді Қарабала.