Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жегінің нақты күні белгіленді

5 қаңтар 2023 10:12
©instagram.com/shavkatrakhmonov94

Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (16-0) UFC аясындағы жаңа жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Mmajunkie мәліметінше, Рахмонов 4 наурызда Лас-Вегаста өтетін UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилмен жұдырықтасады.

Бұған дейін Рахмоновтың Нилмен жекпе-жегі 14 қаңтарда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда бұл кездесу америкалықтың жарақатына байланысты өтпей қалды.

Нил жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде жетінші, ал Рахмонов оныншы орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport