UFC-де өнер көрсететін жеңіл салмақтағы (70 кг) ресейлік файтер Вячеслав Борщев (8-5) "Чемпионат" басылымына берген сұхбатында қазіргі чемпион Ислам Махачевтің (27-1) жартылай орта дивизионға (77 кг) өту мүмкіндігі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Борщевтің айтуынша, бұл шешім салмақ дәрежесіндегі жағдайды өзгертіп, октагонда нағыз дауыл тудыруы мүмкін.
"Менің ойымша, Махачевтің жартылай орта салмаққа ауысуы — ең жақсы идея, оның карьерасы өте сауатты және ақылды жүргізіліп келеді. Жоғары салмаққа өтіп, өзіңе зиян аз жолмен екі дивизионда чемпион болған дұрыс. Салмақ түсіріп, қиналып, жарытлай жеңіл салмақтағыларға мүмкіндік беріп жүргенше. Меніңше, Махачев жартылай орта салмақта да үстемдік етеді", — деді Борщев.
Айта кетейік, жартылай орта салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) өнер көрсетеді. UFC 315 турнирінде америкалық Белал Мухаммадты (24-4) сенсациялық түрде жеңген аустралиялық Джек Делла Маддалена (18-2) бұл дивизионның жаңа чемпионы атанды.
Жарнама