UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жарақатын жазып, жаттығуға кіріскен екен, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мән-жайды DAR Team командласының баспасөз қызметі хабарлады.
"Біздің DAR Team командамыздың жауынгері Шавкат Рахмонов отадан кейін қатарымызға қайта қосылды.
Жаттығу басталды жақсы жаңалықтар күтіңіздер", - делінген хабарламада.
Рахмонов октагонға 2024 жылдың желтоқсанынан бастап шыққан жоқ. Ол кезде Шавкат төрешілер шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген боалтын. Бұл қазақстандық файтердің мерзімінен бұрын жеңіске жете алмаған алғашқы айқасы болды. Қазір Шавкат UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орында, ал дивизион чемпионы аустралиялық Джек Делла Маддалена.
Жарнама