UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде үшінші орында тұрған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) жаттығатын DAR Team командасы жасаған мәлімдеме жанкүйерлерді елең еткізді, деп жазады Vesti.kz.
Рахмонов пен Махачев титулды айқасқа шыға ма?Команданың әлеуметтік желісінде Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев арасындағы ықтимал жекпе-жектің постері жарияланды. Айта кетейік, Ислам Махачев (27-1) UFC-дің PHP рейтингіндегі ең мықты файтерлердің бірі.
“Мұндай титулдық жекпе-жекті біз жақын болашақта көріп қалуымыз мүмкін...”, — деп жазылған DAR Team-нің ресми парақшасында.
Еске салайық, Ислам Махачев жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартып, жартылай орта салмаққа өтуге шешім қабылдады. Бұл өзгеріс Рахмоновтың дивизионында Белала Мухаммад титулынан айырлып қалғаннан кейін болып отыр — белбеуді аустралиялық Джек Делла Маддалена (17-2) иеленіп, алғашқы қорғауын Махачевқа қарсы өткізетін болды. Бұл ақпаратты UFC президенті Дана Уайт ресми түрде растаған.
Шавкат Рахмонов ұзақ уақыт бойы жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге негізгі үміткер саналып келді. 2024 жылдың желтоқсанында ол сол кездегі чемпион Белал Мухаммадпен (24–4) кездесуі тиіс болатын, алайда, америкалық файтер аяқ инфекциясына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
Кейін бұл кездесу 2025 жылдың мамырына шегерілді. Бірақ бұл жолы Рахмонов жарақат алып, октагонға шыға алмады. Оның орнына шыққан Маддалена күтпеген жеңіске жетіп, жаңа чемпион атанды.