Рахмоновтың командасы әйгілі Камару Усманмен айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

©UFC

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін UFC файтері Шавкат Рахмонов ұйымның бұрынғы чемпионы Камару Усманмен жекпе-жек өткізеді деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы оның менеджері Дэнни Рубинштейн мәлімдеді. Еске салайық, осыған дейін Рахмонов - Усман жекпе-жегі қарастырылып жатыр деген инсайдерлік ақпарат тараған еді. 

"Камару Усман мен Шавкат Рахмонов жекпе-жегі қарастырылып жатыр деген хабарлама - толықтай жалған. Бұл туралы маған Шавкаттың менеджері Дэнни Рубинштейн айтты", - деп жазыпты журналист Алекс Бехунин твиттер желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport