Рахмоновтың қарындасының келесі қарсыласы анықталды

16 мамыр 2022 19:52
©NFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (15-0) қарындасы Сора Рахмонова (2-1) келесі жекпе-жегін Naiza 40 турнирінде өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Аталған турнир 11 маусым күні "Алматы Аренада" өтеді. Рахмонованың қарсыласы түркиялық Курт Илкнур болады. 

Айта кетейік, Рахмонова осыған дейін үш кездесу өткізген. Соңғы кездесуін ол 2021 жылы Алматы қаласында өткізіп, өзбекстандық Халола Собированы жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport