"Рахмоновтың дебюті Чимаевтың барлық жеңісінен артық". Шотландиялық журналист Шавкатты рекордсменнен жоғары қойды

20 қараша 2020 10:15
Сурет: championat.com©

Шотландиялық Thescrap.co басылымының журналисті Cтивен Ра UFC ұйымының рейтинг жүргізуін қатты сынады,- деп хабарлайды Vesti.kz

Жартылай орта салмақтағы Хамзат Чимаев дивизион рейтингінде бірден топ-15 тізімге кіргеннен кейін Стивен осы тақырыпты көтерді: "Рис МакКиді жеңіп, топ-15 тізімге кірдің ба? Ал Хаос Уильямс  осы уақытта Чимаевтың барлық қарсыласынан мықты екі жігітті нокаутқа түсірді. 

Ра мұнымен тоқтамай тағы бір твит жариялады: "Шавкат Рахмоновтың дебюті Чимаевтың UFC-дегі барлық үш жекпе-жегінен мықты, бірақ, оның атын бұлай дүркіреп жатқан жоқ. Бұл шынымен өкінішті. Мұны өзгертуге септесемін деп үміттенемін", - дейді журналист.

Хамзат Чимаев тегі шешен швециялық спортшы, UFC-мен келісімшартқа осы жазда отырған. Чимаев он күнде екі жекпе-жекте жеңіске жетіп, промоушен рекордын орнатқан. Ал қыркүйекте ол тағы бір кездесу өткізіп, қарсыласын бір соққымен есеңгіреткен еді. Осы аптада UFC сайты рейтингін жаңартып, онда Чимаев бірінші рет топ-15 тізімге кірген.