Шотландиялық Thescrap.co басылымының журналисті Cтивен Ра UFC ұйымының рейтинг жүргізуін қатты сынады,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай орта салмақтағы Хамзат Чимаев дивизион рейтингінде бірден топ-15 тізімге кіргеннен кейін Стивен осы тақырыпты көтерді: "Рис МакКиді жеңіп, топ-15 тізімге кірдің ба? Ал Хаос Уильямс осы уақытта Чимаевтың барлық қарсыласынан мықты екі жігітті нокаутқа түсірді.
Ра мұнымен тоқтамай тағы бір твит жариялады: "Шавкат Рахмоновтың дебюті Чимаевтың UFC-дегі барлық үш жекпе-жегінен мықты, бірақ, оның атын бұлай дүркіреп жатқан жоқ. Бұл шынымен өкінішті. Мұны өзгертуге септесемін деп үміттенемін", - дейді журналист.