1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

MMA
11 ақпан 09:54
 

Рахмоновты шығарып тастағаннан кейін UFC рейтингте қалған жалғыз қазақты да төмендетті

  Пікірлер

blog.share

Рахмоновты шығарып тастағаннан кейін UFC рейтингте қалған жалғыз қазақты да төмендетті ©UFC

Америкалық UFC промоушені Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 266 турнирінің қорытындысы бойынша барлық салмақ дәрежелеріндегі жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Америкалық UFC промоушені Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 266 турнирінің қорытындысы бойынша барлық салмақ дәрежелеріндегі жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңартудан кейін әлемдегі ең үздік лига рейтингінде қалған Қазақстанның жалғыз өкілі Асу Алмабаев (23-3) бір сатыға төмендеп, енді аса жеңіл салмақта сегізінші орында тұр.

31 жастағы файтер 28 ақпанда Мехикода (Мексика) өтетін UFC турнирінің басты жекпе-жегінде промоушеннің бұрынғы екі дүркін чемпионы, мексикалық Брэндон Мореномен (29-3-2) кездесуі тиіс еді. Алайда бұл айқас өтпейтін болды - қазақстандық спортшы басты оқиғадан бас тартты.

Кейінірек Алмабаевтың жаттықтырушысы бұл ақпаратты ресми түрде растады. Оның айтуынша, спортшы қолын сындырып алған, сондықтан жекпе-жекке қатысу мүмкін болмаған.

Алмабаев соңғы рет октагонға 2025 жылдың 2 қарашасында Дохада (Қатар) өткен UFC турнирінде шыққан еді. Ол америкалық Алекс Пересті (25-10) үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп, айқын басымдық танытқан болатын.

Айта кетейік, бір апта бұрын UFC жартылай орта салмақтағы тағы бір қазақстандық файтер - Шавкат Рахмоновты (19-0) рейтингтен алып тастады. Бұған дейін ол өз дивизионында екінші орында тұрған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!