Рахмоновты өзбек деп көрсеткен UFC сайты қателіктерін түзеді

11 қараша 2020 10:19

UFC сайтының әкімшілігі бірнеше күн бұрын Vesti.kz порталында хабарланған қателіктерін түзеп, Шавкат Рахмоновты Қазақстан спортшысы етіп көрсетті. 

Жартылай орта салмақтағы файтер ұйым сайтында көрсетілген үшінші қазақстандық спортшы болып отыр. Сергей Морозов әлі жекпе-жек өткізбегендіктен тізімде жоқ. 


Мұның алдында Рахмонов Өзбекстан спортшысы ретінде көрсетілген болатын, ал қазір ол тізімде тек Махмуд Мурадов қалды. Айта кету керек, бұл жерде де даулы жағдай бар - Заррух Адашев пен Лилия Шакированы тізімге енгізбеген. 



Шавкат Рахмонов UFC ұйымының жеңілмеген ең мықты файтерлерінің ондығында екенін айта кетейік.