UFC-дің бұрынғы файтері Олег Тактаров америкалық промоушеннің жартылай жеңіл салмақтағы титулына басты үміткерлерінің бірі - ирландиялық файтер Иэн Гэрри туралы ойын ашық айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік спортшының ойынша, әлемдегі үздік лига басшылығы Гэрриді ростерден шығару мәселесін қарастырғаны дұрыс.
"Гэрридің Исламға (Махачев) қарсы айқаста жеңу мүмкіндігі бар ма? Жоқ. Бірақ ол Исламның көзіне зақым тигізе алады немесе тізесін жарақаттай алады - міне, бұл мүмкін. Гэрри - нағыз құбыжық. Мен оған кәсіпқой деңгейде өнер көрсетуге рұқсат бермес едім. Ол адамды қасақана жарақаттайды. Мұндай жануарды рингке мүлде жіберуге болмайды", - деді Тактаров Ушатайка арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Иэн Гэрри қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) соңғы қарсыласы болған. UFC 310 аясында өткен кездесуде Рахмонов бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.
Алайда осы айқастан кейін Рахмонов жарақат алғаны белгілі болды да, Шавкат 2025 жылы жекпе-жекке шыға алмады. Гэрри өзінің әлеуметтік желісінде Шавкаттың бұл жарақатына себепкер болғанын бірнеше рет айтып, тізеге бағытталған соққылардың видеосын жариялады.
Жарнама