Рахмоновтан жеңілген америкалық мәлімдеме жасады

6 наурыз 2023 09:11
©allboxing.ru

Америкалық файтер Джефф Нил (15-7) Шавкат Рахмоновтан (17-0) жеңілгеннен кейін әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде болды. Рахмонов қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. 

"Бауырым, мен өз жұмысымды сүйемін! Сендерге ұнағанына қуаныштымын! Мен ораламын", - деп жазыпты Нил Twitter желісінде. 

Айта кетейік, бұл айқас UFC 285 турниріндегі ең мықты жекпе-жек ретінде мойындалды. Осы себепті екі спортшыға 50 мың қосымша төлем берілуі тиіс, алайда Нил салмақ лимитін орындамағандықтан екеуіне белгіленген 100 мыңды Шавкат алатын болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport