Рахмоновпен бе? Чимаев UFC-дегі келесі кездесуі кештің басты айқасы болды

11 сәуір 2022 20:48
©UFC

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Хамзат Чимаев UFC ұйымымен жақсартылған келісімшарт алды. Ал келесі кездесуін ол күзде өткізеді, деп жазады "Игорь, как дела?" телеграм-арнасы. 

Еске салайық, Чимаев соңғы кездесуін UFC 273 турнирінде өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша Гилберт Бернстен айласын асырды. Ал көптеген жанкүйерлер оны қазақстандық Шавкат Рахмоновпен кездескенін қалайды. 

"Маған Хамзат Чимаев пен UFC басшылары жуырда кездесіп, жаңа келісімшарт туралы сөйлесетінін айтты. Онда файтердің сыйақысы да көтеріледі. Чимаев келесі кездесуін қазан айында Абу-Дабиде кештің басты айқасында өткізеді. Бірақ оның қарсыласы кім болатыны әлі белгісіз", - деп жазады дереккөз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport