Рахмоновқа жеңіліп көрмеген файтермен айқас ұсынды

21 тамыз 2023 09:46
©ufc.com

MMA Fighting редакторы Дэймон Мартин жеңіліп көрмеген ирландиялық файтер Иэн Гэрри мен Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегін тамашалғысы келетінін айтты Vesti.kz.

Демалыс күндері Бостонда өткен UFC 292 турнирінде Гэрри Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы Нил Мэгниді жеңді. Иэн ММА-де жалпы 13 жеңіске жеткен, оның алтауы UFC-де. 

"Білемін, чемпиондыққа үміткер екі жас спортшыны бір-біріне қарсы қойғанды бәрі жек көреді, бірақ бұл бизнес...

Сондықтан мен де Иэн Гэрри мен Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегін тамашалр едім", - деп жазапты Мартин әлеуметтік желіде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport