UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия (17-0) жартылай орта дивизионға өтіп, бірден титул үшін таласқа қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Топурия Махачевтің белбеуіне таласқысы келуі ықтимал
Тегі гүржі испаниялық файтердің бұл салмаққа ауысуы ықтималы туралы жеңіл салмақ рейтингінің көшбасшысы Арман Царукян (23-3) айтты. Оның сөзінше, Топурия салмақ дәрежесін ауыстырып, жартылай орта дивизионда чемпион - дағыстандық Ислам Махачевпен (28-1) титул үшін жекпе-жек өткізуі ықтимал.
"Мен Джастин Гэтжиммен айқасамын деп ойлаймын, ал Топурия Махачевпен төбелесу үшін жартылай орта салмаққа көтерілуі мүмкін. Бұл - тек болжам", - деп бередлі Царукянның сөзін MMA Fighting.
Рахмоновтың титулдық жоспарына қауіп
Айта кетейік, Махачевпен чемпиондық жекпе-жекке басты үміткерлердің бірі - қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0). 31 жастағы файтер бір жылдан астам уақыт бойы дивизион көшбасшылары қатарында жүр және бұған дейін Исламды жекпе-жекке ашық түрде шақырған.
Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, бес раундқа созылған айқаста ирландиялық Иэн Гэрриді (17-1) төрешілердің шешімімен жеңген болатын.
2026 жылы оралу, бәсеке күшейе түсті
Осы жеңістен кейін Шавкат жарақат алып, 2025 жыл бойы жарыстардан тыс қалды. Оның октагонға оралуы 2026 жылдың алғашқы жартысына жоспарланған. Алайда бұл аралықта дивизиондағы бәсеке айтарлықтай артты.
Болашағы зор жас буынмен қоса, жартылай орта салмаққа Ислам Махачев те ауысып, жаңа дивизиондағы алғашқы жекпе-жегінде чемпиондық белбеуді иеленді. Енді титулдық додаға жеңіліп көрмеген нокаутшы Илия Топурия да қосылуы мүмкін.
Дегенмен, қазіргі уақытта UFC Махачевтің жаңа салмақтағы алғашқы титулдық қорғанысындағы қарсыласын әлі ресми түрде жариялаған жоқ.
Жарнама