Рахмонов ұсыныстан бас тартты: UFC-дің бұған жауабы белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың (19-0) жекпе-жектен бас тартуына қатысты UFC-дің жауабы қандай болғаны анықталды, деп хабаралйды Vesti.kz.
Шавкат Рахмоновтың (19-0) жекпе-жектен бас тартуына қатысты UFC-дің жауабы қандай болғаны анықталды, деп хабаралйды Vesti.kz.
Жеңіліп көрмеген қазақстандықтың менеджері Саят Әбдірахманов промоушенмен арада қандай әңгіме болғанын баяндады.
"UFC-ге Канадада тағы бір титулды айқас керек болды. Белалмен шығатын адам керек еді және олар бізден өнер көрсете аласыңдар ма деп бірнеше мәрте сұрады. Біз қолымыздан келгенін жасадық, бірақ, өкінішке қарай ол 10 пайызға дайын болмады да, біз жекпе-жектен бас тарттық.
UFC бізге былай жауап берді: "Ештеңе етпейді, қазір басқа адам айқас өткізеді, сен келесі боласың", - дейді Әбдірахманов "Культура Бития" YouTube арнасына.
Бастапқыда Рахмонов жартылай орта салмақта UFC белбеуі үшін Белал Мухаммадпен (24-3) мамыр айында жұдырықтасады деп жоспарланған болатын. Алайда қазақстандықтың жарақатына байланысты оның орнын аустраляилық Джек Делла Маддалена (17-2) басты.
Жарнама