Рахмонов UFC титулы үшін өтетін айқасқа қатысты бір шешімге келді

©Tengrinews/Turar Kazangapov

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) Манчестерде өтетін UFC 304 турнирін барып тамашаламақ, бұл кештің басты айқасында жартылай орта салмақта UFC чемпионы Леон Эдвардс (22-3) пен америкалық Белал Мухаммад (23-3) титулды сарапқа салады, деп жазады Vesti.kz

Бұл туралы "Номадтың" бапкері Эдуард Базров айтып берді. Оның сөзінше, Рахмонов өзінің ықтимал қарсыластарының қалай жұдырықтасатынын көрмек, тіпті айқастан кейін чемпион Шавкатты жекпе-жекке шақыруы да мүмкін.

"Шавкат бір апта бұрын ғана Англиядан келді. Ешкімге жақтас болмаймыз, тек барып тамашалайды. Мүмкін октагонға шығуға қатысты қызықты сәттер де болар. Немесе титул үшін жаңа айқасты жарнамалау болатын шығар. Егер ондай болмаса, ол жай ғана барып, әлеуетті қарсыластарын көріп қайтады. Мүмкін, Эдвардс Шавкатты айқасқа шақырады. Ол үшін Леон жеңіске жету керек. Көреміз. Манчестерде қызықты бір оқиға болатын сияқты", - дейді Базров Legalbet.kz-ке сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport