Рахмонов UFC чемпионы болатынын мәлімдеді

23 маусым 2022 12:18
©UFC

Қазақстандық ММА шебері Шавкат Рахмонов болашақта UFC чемпионы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Болашақта UFC чемпионы боламын. Нил Мэгни мен үшін кезекті қарсылас. Мэгниден мықты екенімді көрсетуге дайынмын. Жалпы осы двизионда бәрінен мықтымын. Алдағы айқаста уақытынан ерте жеңіске жету деген сұраққа тоқталсам, негізі жекпе-жекті ерте аяқтау деген мақсат қоймаймын. Әрине егер ол қателік жіберсе, мүмкіндікті пайдаланамын", - дейді Рахмонов.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов пен Нил Мэгни Лас-Вегастағы UFC Figh Nifgt 208 турнирінде кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport