Рахмонов UFC 285-тегі ең мықты айқастан кейін Дана Уайтқа үн қатты

6 наурыз 2023 09:29
©UFC

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) UFC президенті Дана Уайтқа қарата үн қатты, деп хабаралйды Vesti.kz.

UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді (15-7) жеңгеннен кейін Шавкат Абу-Дабиде өтетін турнирде титулды айқас беруін талап етті. 

"17:0, 100 пайыз мерзімінен бұрын жеңіс. Іспен дәлеледенген, құр сөз емес. Абу-Дабидегі турнирде маған титулды жекпе-жек бер, Дана Уайт", - деп жазапты Шавкат Twitter желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport