Рахмонов топ-5 тізімде. UFC-дегі қазақстандық спортшылардың рейтингі жасалды

12 шілде 2021 14:18
Шавкат Рахмонов. Сурет: instagram.com/ufcrussia/

Британиялық thestatszone.com порталының сарапшысы Эван Лавендер UFC-дің барлық салмақтағы файтерінің рейтингін жасады, деп хабарлайды Vesti.kz

Өзінің жеке сайтында сарапшы спортшыларды бағалаудың өзіндік жүйесімен таныстырады. 

Қазақстандықтар арасында ең жоғарғы - бесінші орынға маман жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмоновты қойыпты. Ол промоушендегі екі айқасында да жеңіске жетті. 

Жеңіл салмақтағы жетінші орында ресейлік қазақ Дамир Исмағұлов. Спортшы төрт жекпе-жегінде де қарсыластарынан үстем болды. 

Ал UFC-де бірінші жеңісіне жеткен Жалғас Жұмағұлов 18-орында. Ол америкалық Джером Ривейраны жеңгеннен кейін сегіз саты жоғарылады. Жалғастың пассивінде еңі жеңіліс бар. 

UFC-дегі бірінші қазақстандық Мария Агапова октагонға 2020 жылы америкалық Шана Добсоннан техникалық нокаутпен жеңілгелі шықпады. Бірінші айқасында жеңіске жеткен. Британиялық маман оны 21-орынға қойыпты.

Ал Сергей Морозов барлығынан төмен - 39-шы тұр. Ол бірінші кездесуінде Умар Нурмагомедовтен жеңілген, ал 17 шілде ол германиялық Халид Тахомен екінші жекпе-жегін өткізеді.