Рахмонов пен Морозовтың UFC 254 турниріндегі жекпе-жектерінің басталатын уақыты анықталды

19 қазан 2020 12:54
Шавкат Рахмонов. Сурет: M1 Global ©
Қазақстандық Сергей Морозов пен Шавкат Рахмонов қатысатын UFC 254 турнирінің басталатын уақыттары белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Турнир 24 қазан күні Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" өтеді. Бастапқы кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен 20:15-те басталады. Бұл кездесуде қазақстандық Сергей Морозов пен Умар Нурмагомедов шығу керек. Бұл екі спортшы үшін де ұйымдағы бірінші кездесу болуы керек еді. Бірақ 18 қазан күні Морозовтың қарсыласы Абу-Даби емханаларының біріне түсіп қалды. Енді ол бұл турнирде өнер көрсетпейтін шығар. Қазіргі уақытта Морозовқа басқа қарсылас іздестіріп жатыр. 

Ал негізі жекпе-жектер Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. Бұл кездесулерде Шавкат Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы жекпе-жек өткізеді. 

Турнирдің басты кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен 23:30-да басталады. Басты айқаста жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи кездеседі. 




Метки: