MMA
26 маусым 2022 13:23

Рахмонов қатысқан UFC кешіндегі басты айқастың жеңімпазы анықталды

©allboxing

Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 57 турнирінің басты айқасында жеңіл салмақта ресейлік Арман Царукян (18-3) мен поляк Матеуш Гамрот (21-1-0-1) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Царукян мен 12-нөмірлі Гамрот арасындағы жекпе-жек бес раундқа жоспарланды. Нәтижесінде тартысты кездесу толық бес раунд өтіп, төрешілер шешімімен - 48:47 поляк спортшысының мерейі үстем болды.

25 жастағы Арман Царукян аталмыш промоушенде екінші рет жеңіліс тапса, Гамрот қатарынан төртінші рет жеңіске жетті.

Жеңісінен кейін Матеуш белгілі файтер Джастин Гэтжиді (23-4) жекпе-жекке шақырды. Өз кезегінде Царукян алдағы уақытта қателіктерімен жұмыс істейтінін айтты.

Еске салайық, Саят Әбдірахманов ресейлік Царукянның менеджері болып табылады. Ал ел намысын асқақтатып жүрген Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов дәл сол кеште өз қарсыластарынан басым түсті.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport