Рахмонов жекпе-жекке шақырған америкалық даяшының UFC-де рейтингі жоғарылады

23 тамыз 2022 15:22
©UFC

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) жартылай орта салмақ бойынша UFC рейтингіндегі 11-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ал Рахмонов кездесуге шақырған америкалық Джефф Нил (15-4), сегізінші орыннан алтыншыға көтерілді.

Тамыз айының басында өткен UFC Vegas 59 турнирі аясындағы кездесуінде Нил бразилиялық Висенте Люкені (21-9-1) жеңген болатын.

Қоса кетейік, Нил "даяшы және бармен" мамандығының иесі. Ол он жыл бойы өз мамандығы бойынша қызмет еткен. Тіпті UFC-дегі бесінші кездесуіне дейін ол өз мамандығына адалдық танытқан. Тіпті 2020 жылдың жазында, пандемия кезінде ол қызметіне қайта барып та үлгерген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport