Qazsport арнасы Жұмағұловтың UFC ұйымындағы бірінші кездесуін көрсетеді

Fight Nights©️
Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 12 шілде күні UFC ұйымындағы өзінің бірінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz

Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралына" қазақстандық спортшы кеше барған. Қазір ол командасымен бірге міндеттелген екі күндік карантинде жатыр. 

Жұмағұловтың алдағы кездесудегі қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болады. 

Кездесуді тікелей эфирде Qazsport арнасы көртесетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 03:55-те басталады. 

Айта кетейік, отандасымыз командасымен бірге Абу-Дабиге Ақтөбе қаласынан ұшты. 

"Абу-Дабиге келдік. Мұнда қатты ыстық. Карантинге жатқызды. Екі күн жатамыз. Бүгін тест тапсырдық. Барлықтарыңызға рақмет. Жақсы жеттік", - деді Жұмағұлов.