MMA
27 мамыр 2025 09:58

Промоутер Қазақстанда UFC турнирі өтетін нақты уақытты айтты

©CNN

Alash Pride ұйымының промоутері Идрис Исрапилов UFC турнирінің Қазақстанда өткізу мүмкіндігінің егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Исрапиловтың айтуынша, әлемдегі ең үздік лиганың басшысы Дана Уайтпен келіссөздер Абу-Дабиде (БАӘ) немесе Бакуде (Әзербайжан) өтетін алдағы турнирлердің бірінде жоспарланып отыр.

"Алдағы турнирлердің бірінде, Абу-Дабиде немесе Бакуде, бізде Дана Уайтпен кездесу жоспарланған. Біз барлық мәселелерді талқылаймыз және UFC ұйымы Қазақстанда өз турнирін биыл немесе келесі жылдың басында өткізуі үшін бар күшімізді саламыз", — деп Исрапиловтың сөзін келтіреді Legalbet.kz.

Еске салайық, бұған дейін OCTAGON жекпе-жек лигасының президенті Нұраддин Садықов Қазақстанда турнир өткізуге қатысты Дана Уайтпен келіссөздер жүргізілгенін айтқан болатын.

Қазақстанда UFC турнирін өткізу идеясы бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. 2020 жылы ұйым Астанада турнир өткізуді жоспарлаған еді, бірақ, бұл жоспар коронавирус пандемиясына байланысты жүзеге аспай қалды.

Биыл UFC өз турнирлерінің географиясын кеңейтіп жатыр — маусым айында лига алғаш рет Әзербайжанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport