Петр Ян екінші кездесуінде Алджамейн Стерлингтен жеңіліп қалды

10 сәуір 2022 11:44
©UFC

Джексонвилл (Флрида штаты, АҚШ) қаласында UFC 273 турнирінде жеңіл салмақта осы ұйымның чемпионы Алджамейн Стерлинг (21-3) пен ресейлік Петр Ян (16-3) арасындағы реванш өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл файтерлер бірінші рет 2021 жылдың наурызында кездескен еді. Ол кезде Ян бірінші мәрте чемпиондық белбеуін қорғады. Аталған кездесудің төртінші раундында ресейлік рұқсат етілмеген соққы жасап, жекпе-жектен шеттетілген. 

Осы жолы жеңіл салмақтың уақытша чемпионы Ян чемпиондық белбеуді қайтарып алуға ниеттенді. 

Бүгін болған екінші кездесудің бірінші раунды қызықсыз өтті. Екі файтер де бірін-бірін бақылап ұзақ жүрді. Соққылар да аз болды. Екінші және үшінші раунда Ян Стерлингке арқасын беріп қойды. Ал төртінші раундта ресейлік спортшының біраз соққылары дәл болды. Бесінші кезеңде де екі спортшы тең түсті. Сөйтіп жеңімпаз төрешілердің шешімі бойынша анықталды. Қазылар 48-47, 47-48, 48-47 есебімен жеңісті Стерлингке берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport