Пайва Жұмағұловпен жекпе-жектегі жеңісіне қатысты мәлімдеме жасады

13 шілде 2020 16:20
Сурет: UFC©
Бразилиялық спортшы Раулиан Пайва UFC 251 турнирінде Жалғас Жұмағұловпен өткізген кездесуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Globo Esporte.

Жеңіл салмақтағы бұл кездесу Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" өтіп, төрешілердің күмәнді шешімі бойынша бразилиялықтың пайдасына аяқталды. 

"UFC ұйымындағы кезекті жеңісіме жеткеніме қуаныштымын. Болашаққа оптимизммен қараймын. Алдағы әлі үлкен жеңістер күтіп тұр. Өте қуаныштымын. Тек қана өз жанкүйерлеріме емес, бүкіл ММА жанкүйерлеріне жақсы көңіл-күй сыйлағаныма қуаныштымын", - деді Пайва Instagram парақшасында бөліскен видеосында.