"Парсыдан шыққан дағыстандық" лақап атты файтер Мохаммед Хейбати (3-0) Fight Nights Global Youtube арнасына берген сұхбатында тағы да қазақстандық Мұратбек Қасымбаймен қарымта туралы сөз қозғады.
Еске салайық, спортшылар арасындағы жекпе-жек Мәкеудегі AMC Fight Nights 99 турнирінде өтті. Төрешілер жеңісті Хайбатиге берді, алайда, қазақстандық спортшының командасы мұнымен келіспеді.
- Қазақтардың 80 пайызы маған былай жазады: "Сен жарадың, сенікі дұрыс, ал анау қошқардікі дұрыс емес. Ол қошқар, оны тыңдама. Қошқар ешқашан ешкімді тыңдамайды".
- Саған Қазақстанда қарымта өткзуді ұсынса, барар ма едің? Ол жерде бәрі қазақтар болады, ол өз жерінде, төрешілер деген сияқтыға қарамастан?
- Қарымта, әрине. Мен ол қошқарды жеңгенмін. Не айтып жүргенін білмеймін, бірақ, оны жүз пайыз жеңдім. Егер қарымта қаласа, сегіз миллион рубльге келісемін. Қазақтарда ақша бар. Төрт мың адам 2 000 рубльден шығарса, сегіз миллион шығады. Алайда Fight Nights-тан қайтадан сұрағым келмейді. Жекпе-жек керек пе? Төлеңдер.