"Паршалап тастаймын". Қазақ спортшы көк тумен арандатушы видео түсірген бразилиялыққа қатысты
Ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов (19-1) UFC баспасөз қызметіне берген сұхбатында келесі қарсыласы бразилиялық Рафаэль Алвестің (19-9) Қазақстан туымен жасаған арандатушылғына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ысмағұлов - Алвес жекпе-жегі 23 мамыр Лас-Вегастағы UFC Vegas 27 турнирінде өтеді. Бразилиялық спортшы бірнеше күн бұрын арандатушы видео жариялаған. Онда Екі ер адам егеуқұйрықты ұрып өлтірген сәт көрсетілген. Ал Алвес егеуқұйрық үстіне Қазақстан, ал оны өлтіріп жатқан адамдар үстіне Бразилия туы бейнеленген эмодзи бекітіп қойған.
"Меніңше, ол мұндайды санасының төмендігінен жасады. Шынын айтқанда ол топас. Неге? Өйткені менің намысыма тигің келсе, бүкіл бір халықты қатыстырма. Кейін ол маған жеке жазып, кешірім сұрады. Мен бұрын да бразилиялықтармен кездескенмін. Салмақ өлшеуде олар маған атылып, өлтіруге дайын екенін көрсетеді де, ал лифтте құшақтасып кете жаздайды. Бұл жекпе-жек, спорт. Шаршы алаңға шыққанда, біз дос та, жау да емеспіз, қарсыласпыз. Мен өз жұмысымды істеп, оны паршалап тастауым керек", - дейді Дамир.
Жарнама